20-ға жуық мемлекетінен 200-ге тарта балуан өтініш берген.
Үндістанда қазақ күресінен әлем біріншілігі өтеді
qazaqkuresi.kz
1,039
оқылды

25 ақпан күні Үндістанда қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем  чемпионаты басталады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Qazaq kuresi ассоциациясы мәліметінше, Дели қаласында өтетін дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 20-ға жуық мемлекетінен 200-ге тарта балуан өтініш берген. Олардың арасында Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония, Грузия, Нидерланд, Иран, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Мексика, Польша, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің спортшылары бар.

Екі күнге созылатын байрақты бәсекеде қатысушылар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз