Екі елдің бизнес топтары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.
Мұрат Нұртілеу Грузияның сыртқы істер министрімен келіссөз жүргізді
712
оқылды

Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Грузия сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилимен келіссөздер жүргізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-грузин қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды. Екі елдің бизнес топтары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.

Астана мен Тбилисидің экономикалық саладағы кооперацияны кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру мақсатымен мемлекетаралық өзара іс-қимылды одан әрі ұлғайтуға деген көзқарасы расталды. Осы тұрғыда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының маңызды үйлестіруші рөлі аталып өтті.