14 қаңтарда Ыстамбұлдағы Karga Seven Pictures кинокомпаниясының кеңсесінде шартты атауы «Алтын империя» жобасы бойынша шығармашылық топтың отырысы өтті.
«Жошы хан» елде түсіріледі
501
оқылды

Кездесуге Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Karga Seven Pictures ком­паниясының тең құрылтай­шы­лары Эмре Сахин мен Фикрет Маноглу қатысып, сериалдың 6 эпизодының сценарийлері мен басты рөлдерге актерлік құрамын бекітті. 

Айта кетейік, 4 000-нан астам өтінімнің ішінен 350 актер ірік­тел­іп алынды. Олардың арасында 250 қазақстандық және Швеция, Бельгия, Англия, Германия, АҚШ, Моңғолия елдерінен 100 әртіс бар. Оған қоса, кездесуде костюмдер, декорациялар мен реквизиттер таныстырылған. 

Бұған дейін Қазақстанда сериал түсірілімінің тек 40%-ы өт­е­ді деп жоспарланған еді. 

Ал­айда сериалдың бас продюсері және режиссері Эмре Сахин лока­ция­ларды жан-жақты зерт­теген соң, түсірілімді толығымен Қазақстанға көшіруді ұйғарған. Түсірілім жұмыстары 2025 жылдың ақпанында басталады.  

Сонымен бірге, кастингтің екінші кезеңін өткізу жоспар­ланып отыр. Бұл екінші пландағы және балалар рөлдеріне арналмақ. 

«Дара» Президенттік бастама­лар қоры жүзеге асырып жатқан және Жошы хан ұлысының 800 жылдығына орайластырылған «Алтын орда» сериалының сцена­рий­ін әзірлеуге Джастин Поллард («Викингтер»), Клэр Мурсом («Заң­нан тыс патша») сияқты танымал сценаристер, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысқан. 

Сериал авторлары Жошы ұлысының, Алтын Орданың тарихына, көшпелі халықтар мен қазақтың мәдени құндылықтары мен өмір салтына зерттеу жүргізген. 

Алтын орданың тарихы халықаралық аудитория мен дистрибьюторлардың үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Жаңа сериал әлем көрермендері­нің назарын аударатын ауқымды жоба бола алады.