Жаңа Зеландияда өткен жиынға 70 елдің өкілі қатысты.
Дүйсен Қасейінов халықаралық кеңестің елшісі атанды
Фото: Ult.kz
1,563
оқылды

Биыл Веллингтон қаласында ICTMD дәстүрлі музыка және би бойынша Халықаралық кеңестің 47-ші Дүниежүзілік конференциясы өтті. Бас ассамблеясында ұйым басшылығы мен Атқарушы кеңесінің сайлауы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиынға қатысушылар ұйымның басшылық құрылымына «ICTMD елшісі» жаңа мәртебесін енгізу туралы атқару кеңесінің тарихи шешімін ыстық ықыласпен қабылдады. Мұндай мәртебе Кеңестің мақсатын айқындауға елеулі үлес қосқан, халықаралық аренада ICTMD ұйымының жұмысын жандандырған мәдениет және өнер қайраткерлеріне беріледі. 

Бірінші жоғары мәртебе иегерлері ICTMD президенті (2013–2019), Лиссабон университетінің профессоры Сальва Каштелу-Бранка және ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы (2008–2022), профессор Дүйсен Қасейінов болды. 

ICTMD президенті Сванибор Петтан Дүйсен Қасейіновтің еңбегін ерекше атап өтті. Ол ТҮРКСОЙ ұйымы бірқатар маңызды оқиғаларға қолдау көрсетіп, ICTMD стратегиялық серіктесіне айналғанына тоқталды. Атап айтқанда, ICTMD 43-ші Дүниежүзілік конференциясы (2015 ж., Астана); 33-ші ISME Дүниежүзілік конференциясы (2018 ж., Баку), дәстүрлі музыканың халықаралық конференциялары, симпозиумдары мен фестивальдері өтті. 

Дүйсен Қасейіновтың халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту, ғылыми жобаларды қолдау, түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау мен оны әлемдік мәдени кеңістікте танытуға елеулі үлес қосты. 

Сондықтан Дүйсен Қасейіновтің кандидатурасын Атқару кеңесі мен конференцияға қатысушылар қолдады. Оның ICTMD елшісі лауазымына сайлануы Қазақстан мен ТҮРКСОЙ-ға мүше басқа да елдер арасындағы мәдени байланысты арттыра түседі.