«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 271 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 271 қазақстандық халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

«Болашақ» тізімін»  мына жерден көруге болады.

«Ғылыми тағылымдамалар» тізімі  де жарияланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.