1 шілдеден бастап Салық кодексінде қаралған өзгерістер күшіне енеді

Аталған Заң жобасы бүгін Мәжілісте қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдауды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Қаржы және бюджет комитеті Заң жобасы бойынша бастамашылардың, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Комитеттің кеңейтілген отырысын өткізді.  Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасына оң қорытындыларын берді.

Заң жобасы биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Салық кодексіне қаралып жатқан өзгерістердің күшіне енуін көздейді. Осы айтылғандардың негізінде Қаржы және бюджет комитеті Заң жобасын қабылдап, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберуді ұсынамын, – деді Берік Бейсенғалиев.