Халықтық штаб мүшелері «Восход Ориель» ЖШС жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді.
Қоршаған ортаға әсерін талқылады
658
оқылды

Ақтөбе облыстық және Хромтау аудандық халықтық штаб мү­ше­лері «Восход Ориель» ЖШС-ның жұмысшыларымен кез­десіп, АЭС құрылысының маңызы мен артықшылығын тал­қылады.

Облыстық халықтық штаб мүшелері Дәурен Мулдашев мем­лекет бас­шысының АЭС салу мәселесіне қатысты жал­пыұлт­тық рефе­рен­дум өткізу туралы бастамасының маңызын түсіндірді.

«Алғаш рет саяси жүйеге қатысы жоқ АЭС салу мәселесін ел-жұртпен талқылау үстіндеміз. Осы референдум өткізу арқылы Пре­­зи­денттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасын іс­ке асырамыз», – деді ол.

Хромтау аудандық халықтық штабының мүшесі Болат Ашабаев шах­терлердің сұрағына жауап беріп, атомдық энергия ауаға, жерге және суға зиян тигізбейтінін мәлімдеді.

«Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, 1 гигаватт қуаттылығын­дағы ЖЭС 7 млн тонна көмірқышқыл газын және 120 мың тонна күкірт шы­­ғарады. Ал осыған ұқсас АЭС мүлде қалдық шығар­май­ды. Сон­дай-ақ АЭС жұмысы су қоймасына зиян келтірмейді. Ен­деше ха­лық­тың денсаулығына оң әсер етеді», – деді ол.

Оның айтуынша, АЭС салу көмір электр стансасынан бас тар­ту де­генді білдірмейді. Елімізде ЖЭС негізінен жылу көзі бол­са, АЭС электр энергиясының тапшылығын шешуге қажет. Сон­дықтан кө­мір саласының мамандары АЭС-тен қауіптенбеуге тиіс.

Жиында «Восход Ориель» ЖШС-ның энергетик маманы Асхат Тілегеннің айтуынша, Ақтөбеде уақытта зауыт пен фабри­калар кө­бейе­ді, ал сол кезде электр қуатына сұраныс шамадан тыс артуы мүм­кін. Мәселен, түсті металдардың өзге де кендерін өн­діретін біз­дің кәсіпорында электр энергиясына қажеттілік өсіп ке­леді. Ал су, күн және жел энергиясы оның бәрін толық қамти ал­майды.