Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен халыққа үндеу жасады.
"Қатерлі ісікке күдік бар": Айнұр Тұрсынбаева ауруханада жатқан жерінен халыққа үндеу жасады
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
27,527
оқылды

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева денсаулығы сыр бергенін айтты, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен халыққа үндеу жасады. 

“Үш-ақ сағаттық ұйқымен ауруханаға келдім. Менің медициналық тексеруден өтіп жүргенімді білесіздер. Маған қатерлі ісікке күдік бар деп айтқан. Биопсия тапсырдым. Бірақ таза шықты. Аллаға шүкір! Енді асқазанымды тексереді. Наркозға дайындап жатыр”, – деді айтыскер ақын әлеуметтік желіде.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.