Жылдам дамып келе жатқан технологиялар сөз бостандығы, адам құқықтары мен демократия негіздеріне әсер ете бастады. Әлем елдері бірлесіп бір келісімге келмекші.
Адам мен ақылды машина арасын реттейтін жаңа заңға қол қойылды
Адам мен машина арасындағы қарым-қатынасты реттеу қиын болады. Фото newsx.com сайтынан алынды
1,296
оқылды

Жасанды интеллект технологияларын бірлесіп дамытуға арналған келісімді Батыстың үш ірі юрисдикциясы қабылдағанын Financial Times жазды. Бұл материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz ортақ келісімге келудің себебін талдайды.

Конвенция ЖИ жүйелерінде теңдіктің сақталуын, жеке өмірге қол сұқпауды қадағалайды. Фото linkedin.com сайтынан алынды. Авторлығы: Trismegist / Shutterstock

Жасанды интеллект туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясы екі жыл бойы 50-ден асатын елдердің қатысуымен әзірленген. Өткен бейсенбіде (29 қыркүйек) жасанды интеллект технологияларын жасауда көшбасшы саналатын Батыстың үш ірі юрисдикциясы халықаралық интеллект туралы келісімге қол қойды. Конвенцияға қол қойған елдер оның барлық талаптарын орындауға міндетті. Бұл келісімнің қабылдануын жеке сектор да қолдауда, өйткені, ЖИ-ді реттеуде ұлттық заңнамалардағы талаптардың әртүрлі болуы бұл технологияны дамытуға кедергі болуда.

АҚШ, ЕуроОдақ және Ұлыбритания қол қойған конвенция мемлекеттік және жеке сектор жүйелерін реттеуде адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарға ерекше басымдық береді.

Конвенцияны Канада, Израиль, Жапония және Австралияны қоса алғанда, 50-ден астам ел екі жыл бойы әзірлеген. Ол конвенцияны мақұлдаған тараптардың ЖИ жүйелерінің кез келген зиянды немесе кемсітетін нәтижелері үшін жауап беруін талап етеді. Конвенция ЖИ жүйелеріне теңдік пен жеке өмірді құрметтеуді міндеттейді.

«Инновациялар ЖИ сияқты жылдам өзгеретін жаһандық ауқымда бұндай бірінші қадамды жасау өте маңызды. Бұл дүниежүзінде шынайы заңдық күші бар алғашқы келісім және ол сонымен бірге әртүрлі елдерді біріктіреді. Осының өзі халықаралық қауымдастық ЖИ тудыратын қиындықтарға дайындалып жатқанын көрсетеді», – дейді Ұлыбританияның ғылым, инновациялар және технологиялар министрі Питер Кайл.

ЖИ технологиялары адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуі қажет. Иллюстрация scholar.harvard.edu сайтынан алынды. Авторы: Dall.e 2023

Келісім «заңды түрде міндетті» деп танылғанымен, сыншылар оған айыппұлдар сияқты санкциялар кірмейтінін атап өтуде. Оның орындалуы ең алдымен бақылау (мониторинг) арқылы жүзеге асырылады, бұл оның орындалуын салыстырмалы түрде әлсіз екенін де көрсетеді.

Еуропалық Кеңестің келіссөздеріне жауапты директор Ханне Юнхердің айтуынша, «конвенция Еуропаның шеңберінен шығатынын және қол қоюшылардың келіссөздерге өте қызығушылық танытқанын және нәтижеге қанағаттанғанын растайды». Ал Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкері АҚШ-тың «ЖИ технологиялары адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуі қажет» екенін айтқан. Бұл конвенция үкіметтер жылдам дамып келе жатқан ЖИ жүйелерін қадағалау үшін көптеген жаңа ұлттық ережелер, міндеттемелер мен келісімдер әзірлеп жатқан кезде жасалды. 

АҚШ Конгресі ЖИ-ді реттеу үшін ешқандай арнайы заң қабылдамағанымен, көптеген ЖИ стартаптары орналасқан Калифорниядағы заң шығарушылар өткен аптада бұндай құжатты мақұлдаған. Штаттың заңы күшіне ену үшін оған губернатордың қол қою қалды. 

Өткен айда күшіне енген Еуроодақтың жасанды интеллект бойынша бекітілген ережесі бірінші ірі аймақтық заң болып табылғанымен, оны компаниялардың орындауы үлкен дау туғызған. Мысалы, Meta сияқты компаниялар өздерінің соңғы өнімі Llama-ны ЕуроОдақ нарығына шығарудан бас тартқан.

Жаңадан қол қойылған конвенция ЖИ технологияларын дамытуда халықаралық қауымдастықта ортақ көзқарас бар екенін көрсетеді. ЖИ инновациялары адам құқықтарын, демократия мен заң үстемдігін қорғау және ілгерілету құндылықтарын құрметтеуін талап етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.