«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы жақын арада еліміздің барлық өңірінде ресми көшпелі отырыстар өткізуге ниетті. Бұл туралы «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасында айтты.
Өңірлерде көшпелі отырыстар өткізеді
963
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруа­шы­лығы жерлерін мемлекеттік мен­шікке қайтару бойынша жұмыстар жүр­гізілуде. «AMANAT» партиясы ел Президентінің қоғамдық тірегі бола отырып, осы мәселені ше­шуге алғашқылардың бірі болып қосылды.

«Жер аманаты» комис­сия­сы­ның ресми отырыстары 2024 жыл­дың тамыз-желтоқсан айлары аралығында республикалық маңызы бар барлық облыс пен қалада өткізіледі.

«Біз тек қана игерілмей, пай­даланбай жатқан жерлер бойынша ғана емес, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың жер учаскелерін беру кезіндегі әкімдіктердің заң­сыз істері мен басқа да заңсыз әре­­кеттерге қатысты өтініштерін қарастырамыз. Баршаңызға ай­та­рым, комиссияның сіздің өңі­ріңізге келу мүмкіндігін пай­да­ланыңыз, жер қатынас­та­рын­дағы заңдылықты, тәртіп пен әділдікті бірге қалпына келтірейік», – деді Бақытжан Базарбек.

Айта кетейік, «AMANAT» пар­тиясының «Жер аманаты» рес­публикалық жер комиссиясы 2022 жылдың маусым айында құ­рылған болатын. Осы уақытқа дейін мемлекетке 10,8 миллион гектардан астам ауылшаруашылық жерлері қайтарылды, оның 3 мил­лионға жуығы азаматтарға берілді. Сондай-ақ комиссияның баста­масымен мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлеріне ашық қолжетімділік беру мақсатында  jerkarta.gharysh.kz. геоқызметі іске қосылды. Жер мәселелері бойынша 3 мыңнан ас­там өтініш қаралып, олардың 80%-ы оң шешімін тапты.

«Жер аманаты» комиссиясына өтінішті «AMANAT» респуб­ли­калық қоғамдық қабыл­дау ар­қылы келесі байланыстар бо­йынша беруге болады:

1. Call-центр: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. WhatsАpp: 8 700 800 4441

3. E-mail: komek@amanatpartiasy. kz.