Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауын өткізді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары депутатқа өзекті мәселелерін айтып, көкейлерінде жүрген ұсыныстарымен бөлісті.
«AMANAT» партиясы: қоғамдық қабылдау өткізді
1,062
оқылды

Тұрғындар тарапынан негізінен элек­тр­мен жабдықтау, білім беру және әлеуметтік мәселелер мен тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар қабылдауға электрмен жаб­дықтауға қажетті әртүрлі өнім шы­ғаратын Қазақстанға және одан тыс жерлерге танымал «Кэмонт» кәсіп­орны­ның басқарушы директоры Б. Спатаев келіп, кәсіпорынның бүгінгі  ахуа­лы туралы айтып, қолдау сұрады. Кә­сіп­орын трансформаторлық қосалқы стансалар және басқа да жабдықтар шы­ғарып, оларды орнатумен, іске қосу және жөн­деумен айналысады. 

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кәсіпорын басшысы маған Мәжіліс депутаты ретінде осы кәсіпорынның экономикалық жағдайын түзетуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Өйткені бүгінде мамандық бойынша 248 қызметкер жұмыс істейді. Жалпы қарызы шамамен 7 миллиард теңге, оның ішінде жалақы бойынша 710 млн теңге екен. Бұ­рынғы басшысы Астана қаласындағы тер­геу изоляторында отыр. Мекеменің жағдайы қиын. Жұмысты дұрыс жолға қою арқылы бұл жағдайды реттеп, түзетуге болады. Облыс басшылығы тарапынан қолдау бар. Барлығымыз мұндай бірегей кәсіпорынды бірігіп қолдауымыз керек, – деді Ұлықбек Тұмашинов.

Депутат еліміз трансформаторлық қо­салқы стансалар сияқты маңызды өнім өндіретін кәсіпорындарға қолдау көр­­сетіп, осы салада білікті мамандар даяр­лауға күш салуы қажет екенін атап өтті. Өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етіп қана қоймай, энергетика саласындағы қауіп­сіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ете­тін осындай кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалу қажет еке­ніне баса назар аудартты.