Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, өңірдегі әскери бөлім құрамымен, полицейлермен және Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен кездесті.
Күштік құрылым өкілдерімен кездесті
998
оқылды

Кездесу барысында депутат әскери бөлімнің жеке құрамымен, олардың ма­териалдық-техни­ка­лық жабдық­талуымен және әс­ке­ри қызметшілердің жағ­дайымен танысты.

Одан соң мәжілісмен облыс­тық полиция депар­таментінің қызмет­кер­лерімен жүздесті. Онда қала аумағындағы қоғамдық тәр­тіп, тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша атқа­ры­лып жатқан жұмыстармен таны­сып, қызметкерлердің ой-пікірін тыңдады. Бақтықожа Ізмұхам­бетов полицияның қоғамдағы рө­лін ескере келе, тәртіп сақшы­­ларына да мемлекет тарапынан әлеуметтік және құқықтық қолдау қажет екенін атап өтті.

«Қауіпсіз мемлекетті құру – мемле­кеттік саясаттың негізгі ұс­та­нымдарының бірі. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдар­ла­­масына сәйкес, біз құқық қорғау органдары қызметкерлерін құ­қық­тық және әлеуметтік қорғауды арт­тыру жө­нінде кешенді шара қабылдауды жалғас­тырамыз. Полиция қызметі тиімді, есеп бе­руге міндетті саналып, қазақ­стан­дық­тардың қажеттілігін өтеуге тиіс. Кәсібилік, имандылық пен адамгершілік полиция қызмет­керінің ізгі қасиеттеріне айналуы керек», – деді ол.

Сонымен қатар Мәжіліс депу­таты өңірдегі Төтенше жағдайлар департа­мен­тінің жеке құрамымен кездесті. Жиын барысында халық қалаулысы №13 маман­данды­рылған өрт сөндіру бөлімінің ма­териалдық-техникалық жабдық­та­луымен танысты. Кейін жеке құраммен кездесіп, оларды тол­ғандыратын мәселелерді тың­дап, Парламент қабырғасында атқары­лып жатқан жұмыстар мен жаңа­дан қабыл­данған заңдар туралы ақпарат берді. Сон­дай-ақ басқо­суда жеке құрамның білік­тілігін арттыруға және жұмыс жағдай­ларын жақсартуға қатысты мәсе­­ле­­лер тал­қыланды.