Тұрғын үй кезегі, баспана мәселесі, жайылым жер, денсаулық, жол салу, жол белгілерін орнату секілді мәселелер көтерілді.
Мәжіліс депутаты Арыс тұрғындарының мәселесін тыңдады
738
оқылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. 

Қоғамдық қабылдауға жазылған бірқатар қала тұрғындары өзекті мәселелерін ортаға салып, түйінді сұрақтар талқыланды.

Оның ішінде тұрғын үй кезегі, баспана мәселесі, жайылым жер, денсаулық, жол салу, жол белгілерін орнату секілді мәселелер көтерілді.  

Өтініштердің басым бөлігі жедел шешілді, бірнешеуі заңгерлердің кеңесімен депутаттық сұраныс арқылы жауабын таппақ. Қалған сұрақтар қалалық атқарушы билік өкілдеріне тапсырылып, оң шешімін табу жүктелді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.