Аша Матай әпкесінің үйіне Құрбан айт кезінде қыдырып барған.
"Қымбат жөндеу, дизайнерлік жиhаз, лакшери өмір": Аша Матай Баян Алагөзованың үйін көрсетті
Фото: әлеуметтік желіден
16,021
оқылды

Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай продюсер Баян Алагөзованың үйін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аша Матай әпкесінің үйіне Құрбан айт кезінде қыдырып барған. Ол оқырмандарына продюсердің үйін көрсетіп шықты.

"Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн, екі ас, алты жуынатын бөлме, 10-ға жуық бөлме, үлкен гардероб, қымбат жөндеу, дизайнерлік жиhаз, лакшери өмір", – деп жазды Аша Матай Instagram-дағы сторисінде.

 Сонымен бірге бұл үйде кітапхана мен жеке кабинет те бар. Аша Матай бұл "Тұрсын ағанікі (Алагөзов - ред.) болар" деп топшылады.

Бұған қоса, қонақтарға арналған мен кір жууға арналған бөлмені де көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.