Ал бұл дегеніміз - Қазақстанның 1 жылғы жалпы ішкі өнімінен көп!
Бір күнде 274 миллиард долларға өскен компания
Nvidia-ның графикалық процессорлары бір күнде 200 млрд табыс әкеледі. Фото ixbt.com сайтынан алынды
1,903
оқылды

Технологиялық компаниялардың акцияларын алыпсатарлар «жылдам табыс көзі» деп жақсы көреді. Алайда бір күнде 100 млн доллар табу үшін қаржыны басқарудың ғылыми әдістерін жақсы меңгеру міндетті. Бүгінгі замандағы сәттілік біліммен ғана келеді.

Чип шығаруда әлемдік көшбасшы сейсенбіде (15 мамыр) табысы туралы хабарлаған соң трейдерлер Nvidia акцияларының күрт өсуін болжап отырғанын Reuters жазды. Дегенмен қазіргі құбылмалы нарықта өсім болатынына кепілдік беруге болмайтынын Aikyn.kz осы материалға сүйеніп талдайды.

Nvidia бас директоры Дженсен Хуанг компанияның тұрақты өсетініне сенімді. Иллюстрация YouTube DotCSV каналынан алынды

Nvidia опциондары жұмаға (24 мамыр) қарай кез келген бағытта 8,7% өсуі мүмкін. Бұл компания бағасының $200 миллиард өзгеруіне әкеледі. Компанияның құнының соншалықты үлкен болуын мына мысалдан көреміз: бұл сома S&P 500 индексіндегі 90% компаниялардың нарықтық бағасынан жоғары.

«Өткен жолы құбылмалылық пен күту айтарлықтай жоғары болды», – дейді Susquehanna Financial Group компаниясының басшысы Крис Мерфи.

Технологиялық компаниялардың акциялары саудаланатын Nasdaq биржасында күнде трлн долларлық саудалар жасалады. Фото Global Look Press сайтынан алынды. Авторлығы: John Nacion / Keystone Press Agency

Соңғы жылы шамамен 87% өскен Nvidia жасанды интеллект саласының көшбасшысы болып саналады және нарықтық құны шамамен 2,3 триллион долларды құрайды. Бұл оны Уолл-стритте Microsoft пен Apple-ден кейінгі үшінші ірі компания жасады. Уолл-стрит Nvidia-ның таңғажайып тоқсандық есебіне сенеді. Соңғы айларда инвесторлардың қызығушылығы ЖИ тақырыбының басқа да қатысушыларына тарады.

«ЖИ артықшылықтары энергияға, тауарларға және коммуналдық қызметтерге қатысты. Бұл тек NVDA туралы емес, басқа компанияларға да қатысты», – деп жазды BofA стратегі Гонсало Асис.

Nvidia-ның Nasdaq биржасындағы акцияларының соңғы бір жылдағы өсім графигі. Компания акциялары 311 доллардан 947 долларға дейін ұдайы өсіп отырған. График Nasdaq биржасынан алынды

Қаржы трейдерлері компания акцияларының көтерілуі де, құлдырауы да кенеттен әрі жылдам болады деп күтуде. Nvidia бір акцияға 5,59 доллар таза пайда тапқаны туралы есеп берді. Оның тоқсан сайынғы кірісті бір жыл бұрын 7,19 миллиард доллар болса, қазір 24,65 миллиард долларға дейін артады деп күтілуде. Осының бәрі Nvidia акцияларының құнын аспандатып жіберді. Бірақ сол биіктен құлау да қиын болуы  мүмкін. Компания үшін емес, алыпсатар инвесторлар үшін ауыр болмақшы. Біздің сөзімізді Interactive Brokers компаниясының бас стратегі Стив Сосник те растайды. Оның ойынша, Nvidia-дағы құлдырау инвесторлардың кең ауқымды ЖИ саудасына деген шешімін сынайтын болады.

«Иә, ралли ұзартылды. Бірақ мен Nvidia акциялары күрт төмендесе, оның қаншалықты күшті болатынын білмеймін. Сауданың ЖИ-мен байланысы берік болып тұр», – дейді ол.

Бағалы металды әлі де күрекпен қазатын елдер бар. Мына суретте Африканың Гана мемлекетіндегі ауыр еңбек, арзан еңбек көрсетілген. Фото livejournal.com сайтынан алынды

2023 жылдың мамырында Nvidia құны 1 триллион доллардан асты, ал 2024 жылдың ақпанында компания 2 триллион доллар межеден өтті. Бұл 274 млрд долларға бағаланатын Қазақстанның жалпы ішкі өнімінен 7 есе көп қаржылық көрсеткіш. Nvidia Уолл-стрит тарихында акцияларының құны бір күнде $277 млрд долларға өскен жалғыз компания. 2019 жылы компанияның акциялары Nasdaq биржасында 39 доллар болса, кеше биржалық саудада акциялар 905,71 долларға сатылған. Бес жылда акциялар құны 23 есе өскен!!!

ЖИ жүйелерінің миы саналатын чиптер мен графикалық процессорлар шығаруда әлемдік көшбасшы Nvidia-ны Қазақстанда бірлесіп зауыт салуға шақыру ұсынысын Aikyn.kz өзінің 15 мамырдағы материалында жазды. 

Бүгінде аса бағалы кремний өндіретін кварц құмын күрекпен, трактормен қазып, оны арзан бағаға сатқанша, неге чип шығаратын кәсіпорын салмаймыз деген сұрақты сол материалда қойғанбыз. Мақалаға мына сілтемемен өтуге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.