Биыл университет бітірген 1200 түлекке жалпы сомасы 1,2 миллион доллар болатын «ақшаға толы конверттер» үлестірілді. Кім таратты, қандай мақсатпен?
Университет бітірген түлектерге 1000 доллардан таратылды
Университет бітіретін 1200 түлекке 1,2 млн доллар ақша таратылды. Фото nu.edu.kz сайтынан алынды
5,654
оқылды

Миллиардердің ақша толы конверттер үлестіргенін businessinsider.com сайты жазды. Бай адамның осынша жеке қаржысын үлестіруінің себебін Aikyn.kz түсіндіреді.

Хейл түлектерге екі конверт таратты: біреуінде «Сыйлық», екіншісінде «Сыйла» деп жазылған. Фото iqconsultancy.ru сайтынан алынды

Бейсенбі күні (16 мамыр) Бас директор кіші Роберт Хейл Массачусетс Дартмут университетінің түлектерінің оқу бітіру салтанатына арналған жиында сөз сөйледі.

Телекоммуникациялық миллиардер әр түлекке 1000 доллардан тарататынын айтты. 

Бірақ 500 доллардан екі конвертке салынған 1000 доллардың жартысын түлектер қайырымдылыққа немесе мұқтаж адамдарға берулері тиіс.

Роберт Хейл: «Біздің қоғам сіздің жомарттығыңызға бұрынғыдан да көбірек мұқтаж». Фото inc.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images

Осылайша Granite Telecommunications компаниясының бас директоры кіші Роберт Хэйл университет бітіретін 1200 түлекке 1,2 млн доллар ақша таратты.

Америкалық миллиардер Роберт Хейл 1876 жылы Александр Белл патенттеген технологияны пайдалана отырып, табыс тапқан. Бүгінде оның өзі құрған Granite Telecommunications компаниясында 70%-дық үлесі бар, оның құны 5 миллиард долларға бағаланады.

Қиын кезеңде бөлісу, қайырымды болу және көмектесу қажет. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Boston Globe/Getty Images

«Бұндай қиын кезеңде бөлісу, қайырымды болу және көмектесу қажет. Біздің қазіргі қоғам сіздің жомарттығыңызға бұрынғыдан да көбірек мұқтаж», – дейді Хейл.

UMass Дартмут пресс-релизінде күзетшілер сахнаға «ақшалар салынған конверттерге толы» екі үлкен сөмке әкелгенін айтады. Хейл түлектерге екі конверт бар екенін айтқан: біреуінде «Сыйлық», екіншісінде «Сыйла» деп жазылған.

«Алғашқы 500 доллар – бұл сізге берген сыйымыз. Екінші 500 долларды сіз қайырымдылыққа немесе өте мұқтаж адамға сыйлауыңыз керек», – деген талапты миллиардер қойған.

Мына видеода миллиардерлер де әртүрлі болатыны әзілмен көрсетілген:

Салтанатты жиында Роберт Хейл қайырымдылық қызметі үшін UMass Дартмут канцлерінің медалімен марапатталды. Бұндай қайырымдылықтың біздің қоғамдағы бай адамдардың жасағаны да пайдалы әрі өнегелі шара болар еді. Ондай миллиардер қазақ табылар ма екен?

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.