Бұл өзгерістер ғылыми және білім беру орындарына дарынды мамандарды тартуға, сондай-ақ тәжірибелі және жоғары білікті кадрларды сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Заңнамадағы өзгерістер еліміздегі жас ғалымдар мен болашағы зор зерттеушілерді қолдауға көмектеседі
1,958
оқылды

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 6 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының ғылым және білім мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы ғылыми қауымдастық арасында айтарлықтай резонанс туғызып отыр. Заңнамадағы бұл өзгерістер ғылыми қауымдастық тарапынан еңбек жағдайын жақсарту және ғылыми белсенділікті ынталандыру жолындағы көптен күткен қадам ретінде қабылданды.

Белгілі бір ғылыми дәрежесі және ғылыми атақтары бар педагогтар мен ғылыми қызметкерлердің жалақысына ай сайын үстемеақы төлеудің енгізілуі олардың ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесін мойындау ретінде қабылданады. Бұл өзгерістер ғылыми және білім беру орындарына дарынды мамандарды тартуға, сондай-ақ тәжірибелі және жоғары білікті кадрларды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаументтік қорының инвестициялық кірісі есебінен шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие болу ісін жаңа бастаған жас ғалымдар мен болашағы зор зерттеушілерді қолдауға көмектеседі.

Ғылыми ортада осы өзгерістер еліміздегі ғылым мен білімнің дамуына анағұрлым қолайлы жағдай туғызады әрі өз кезегінде ғылыми зерттеулер сапасының, білім деңгейінің және жаһандық ғылыми кеңістікте еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің артуына септігін тигізеді деп ойлаймын.

 

Азат СЕЙІТХАН,

PhD, қауымдастырылған профессор,

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті 

инженерлік бейінді зертхана жетекшісі

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.