Кеше (10 мамыр) Берлин маңындағы Грюнхайде қаласында 800-ден астам наразылық білдіруші Tesla зауытының аумағын басып алуға әрекеттенді. Белсенділер зауыттың кеңеюіне жол бермеуді талап етуде.
Tesla-ның Германиядағы зауытына шабуыл жасалды. Кім? Неге?
Климат белсенділері Tesla зауытына шабуыл жасады. Фото dw.com сайтынан алынды. Авторлығы: Axel Schmidt/Getty Images
1,509
оқылды

Полицейлер демонстрацияны резеңке шоқпарлар мен таяқ пен көзден жас ағызатын газ қолданып таратқан. 16 қатысушы ұсталып, ондаған адам жарақат алған, оның ішінде 21 полиция қызметкері де бар. Бұл туралы err.ee сайты хабарлайды.

Наразылық білдірушілер «Илон Марсқа жоғал!» деген жазулар ұстаған. Фото report.az сайтынан алынды

Жаппай қарсылық акцияларын Tesla-ның бас директоры Илон Маск Германияда жаппай наразылықтар өтіп жатқанымен түсіндіреді. Наразылы тек зауыт аумағында ғана емес, қарсылық митингтері жұма күні (10 мамыр) Берлиннің орталығында Tesla-ның шоу-рум салонының алдында да өткен.

Митинг белсенділер «Таза көлік – арсыз айтылған өтірік» деген жазулар ұстап, ел астанасынан зауытқа апаратын тасжолды жауып тастаған.

Климат белсенділері Tesla зауытын ақпан айынан бері қоршауға алып, зауыт маңындағы орманда 1 500-дей адам лагерьде орналасқан. Наразылықтар 16 мамырға жоспарланған Грюнхайде өтетін жергілікті кеңестің отырысы қарсаңында күшейді. Бұл отырыста жергілікті билік зауытты дамыту жоспарын мақұлдауы немесе қабылдамауы керек. Жоспар бойынша жаңа зауыт үшін қосымша 100 гектарға жуық орман кесілуі тиіс. Табиғатты қорғау белсенділері зауыт өңірге қажетті су ресурстарын да ұрлайды деп қауіптенеді.Әлеуметтік желідегі жазбаларға сәйкес, климаттың өзгеруіне қарсы жүздеген наразылық білдірушілер полиция желісін бұзып, Еуропадағы жалғыз Tesla-ның Gigafactory зауытына басып кірген. Жергілікті неміс ақпарат агенттігі DW адамдардың қамауға алынғанын хабарлағанымен, наразылық білдірушілер зауыттың ішіне кіре алмаған.

Алғаш рет белсенділер 2020 жылы Tesla зауытын салу кезінде Берлин маңындағы орманды кесуге қарсы наразылық білдірген. Биылғы жылдың басында Tesla зауытын кеңейтуге тағы 70 гектар жерді тазартуға өтініш берген кезде наразылықтар қайта басталды.

«Біз бүгін Grünheide қаласындағы қоршаған ортаның бұзылуына байланысты Tesla зауытына назар аудару үшін келдік. Электр көліктердің батареяларына қажетті литий өндірілетін Аргентина немесе Боливия сияқты елдерде қоршаған ортаны бұзуға қарсымыз. Бұл адамдарға ғана емес, қоршаған ортаға да қорқынышты экологиялық зиян келтіреді», – дейді Disrupt Tesla компаниясының өкілі Оле Беккер DW-ге берген сұхбатында.

Белсенділер: «Капитализмді жойып, жаңа болашақ жасау» деген транспарант ұстаған. Фото euroline.by сайтынан алынды

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар жұма күнгі шараға 800 адам қатысқанын айтады. Tesla-ның бас директоры Илон Маск жұма күнгі хабарларды «жалған жаңалықтар» деп атаған. Бірақ оның нақты нені жалған деп атағаны белгісіз:

«Бұл жалған жаңалық. Наразылық білдірушілер қоршаудан өте алмады. Зауыт айналасында бұзылмаған екі қоршау сызығы болды. Германияда «Ұлттық наразылық аптасы» екенін ескеріңіз, сондықтан әртүрлі себептермен көптеген наразылықтар бар», – дейді Илон Маск X желісіндегі жазбасында.

Volcano Group  деп аталатын анархистік топ наурыз айында Tesla-ның неміс зауытында электр қуатының үзілуіне жауапкершілікті өз мойнына алған еді. The Brake деп аталатын аккаунт арқылы X желісінде жарияланған видеода қара киінген жүздеген адам зауытқа қарай жүгіріп бара жатқаны көрсетіледі.

Associated Press жариялаған фотоларда «Tesla-ны тоқтат, су – өмір» және «Неоколониализмді тоқтат» деген жазулар бар. Түрлі-түсті баннерлерде: «Elon du Lachs verpiss dich zum Mars!», яғни, «Илон, арқан балық, сен Марсқа жоғал!» дегенді білдіретін немесе «Илон, сен ақымақсың...» деген жазулар да болған.

Электрлі көліктерді пайдалану таза деп жарнамаланғанымен, оның батареяларын жасауда экологиялық өте лас технологиялар қолданылатынын әлемдік қауымдастық енді түсініп келеді.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.