Республикамыздың солтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Найзағай ойнап, үсік жүреді: 8 мамырға ауа райы болжамы
Фото: pexels.com
3,458
оқылды

«Қазгидромет» 8 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел тұрады, тұман түседі. 

Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп болжанып отыр. 

Республикамыздың солтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстікте қатты жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді. Топырақ беті қатып, үсік жүреді деп болжанады.  

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.