Әжетханада қайтыс болған баланы мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген.
Дәретханадағы төбелестен кейін оқушы қайтыс болған мектептің директоры жұмыстан қуылды
Фото: Жамбыл облысы ПД
1,044
оқылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғарғы сынып оқушылары кіші сыныптың балаларын ұрып, бір бала қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Қайтыс болған баланың туыстарының айтуынша, мектеп аумағындағы сыртқы әжетханада 9-сынып оқушылары төмен сыныптың балаларын ұрып-соққан. Кеудесінен бірнеше соққы алған бала есінен танып, бірден жан тапсырған.

Әжетханада қайтыс болған баланы мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген. Сот-медициналық сараптамадан кейін кеуде тұсынан алған соққыдан күретамыры жарылып кеткені белгілі болды.