Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.
Астанада автобус жолаушысы ер адамға газ баллонын шашып жіберді
Фото: видеодан кадр/CTS
802
оқылды

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушы билет тексеретін адамның өтінішіне құлақ аспай, ескерту жасаған адамның біріне газ баллонын шашып жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 City Transportation Systems ЖШС оқиға 1 мамырда 21 бағдарда "Ailand отбасылық демалыс орталығы" аялдамасында болғанын хабарлады. 

"Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жолақысын көрсетуден бас тартты. Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастады. Жекелей ескерту жасаған жолаушылардың біріне ол газ шашты", – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.

"Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақытылы төлеуді, төлемді тексеруге көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұраймыз", – дейді көлік компаниясынан.