Өңірлер бойынша 3 956 үй тексеріліп, 524 үйді жөндеуге 670 млн теңге бөлінді.
Су тасқынынан зардап шеккен 13 мыңнан астам отбасы өтемақы алды
244
оқылды

29 сәуірдегі жағдай бойынша, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық отбасыларға 4,8 млрд теңге біржолғы өтемақы берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтсақ, 100 АЕК көлеміндегі өтемақыны 13 259 отбасы алған. Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары мен басқа өңір тұрғындарынан арнайы құрылған комиссияға – 22 475 өтінім түскен.

Ал тасқын салдарынан төрт түлігінен айырылғандарға – 278 млн теңге төленген.

Сондай-ақ өңірлер бойынша 3 956 үй тексеріліп, 524 үйді жөндеуге 670 млн теңге бөлінді.