Қазақстандық команда Азия чемпионатында көркем гимнастикадан қола медаль алды.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында көркем гимнастика бойынша жүлдегер атанды
1,065
оқылды

Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық команда топтық жаттығудан көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Спортшыларымыз бес шығыршықпен, сондай-ақ екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Ел құрамасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.

Топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Быстрова жаттықтырады.