Оқиғаны бақылау және шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен 7 жұмысшы орнында қалды.
187 кенші жер бетіне шығарылды: Қарағанды облысындағы шахтада тағы да өрт тұтанды
Фото: ТЖМ
710
оқылды

Қарағандыда Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде түтін пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды. 

Оқиға туралы хабар түскен сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі құлақтандыру жүйесі де іске қосылды. Сағат 19:45-те датчик сигнал беріп, түтіннің жойылуына қарамастан, шахталар мен басқа да горизонттағы 194 кеншіні эвакуациялау және шығару туралы шешім қабылданды. 

Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оның ішінде учаске басшылары мен бақылаушылар арасынан 7 жұмысшы оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнында қалды. 

Алдын ала себебі – бөгде заттың төменгі төсемнің ролигіне түсіп, оның жұмысын бұғаттауы. Бұл конвейер таспасында түтін шығуына себеп болды.