Алматыда 300 мыңнан астам мектеп оқушысы мен 84 мыңнан астам колледж студенті білім алып жатыр.
Тазалық жұмысына белсене қатысқан балалардың видеосы жұртты сүйсінтті
371
оқылды

Әлеуметтік желіде қаланы тазарту мен көгалдандыру жұмысына белсене қатысқан балалардың видеосы тарады.

Алматы қалалық Білім басқармасы хабарлағандай, бұл іс-шара «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды науқан аясында жүзеге асырылған. Бұл игі іске 200 мыңнан астам бала өз үлесін қосты. Яғни балабақшадағы бүлдіршіндерден бастап, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне дейін оқу ғимараттарының ауласын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

«Әрбір алматылық өз үйін, ауласын, көшесін көгалдандыруға атсалысу жағымды дәстүрге айналды. Өйткені біз сүйікті қаламыздың бір бөлшегіміз», – делінген Алматы қалалық Білім басқармасының парақшасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда 300 мыңнан астам мектеп оқушысы мен 84 мыңнан астам колледж студенті білім алып жатыр. Тағы 85 мыңға жуығы – балабақша тәрбиеленушілері.