Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей баста­ма­сы­мен қолға алынған республикалық шараға Абай облысының тұр­ғын­дары да белсене атсалысуда. Өңірдегі барлық қала мен ауданда екі айға жалғасатын экологиялық акция басталды.
Семей орманы бұрынғы қалпына оралады
312
оқылды

Облыс орталығы Семей қаласында рес­публикалық «Таза Қазақстан» ак­ция­сы аясында «Семей орманы – менің ор­маным» көшет отырғызу іс-шарасы өт­кізілді. 600-ге жуық адам қатысқан ак­цияда 23 800 түп екі жылдық қарағай кө­шеттері отырғызылды. Жалпы, биыл «Се­мей орманы» резерваты мемлекеттік ор­ман қорының 6100 гектар алқабына 28 млн 700 мың дана өскін егуді жос­пар­лан­ған. Жұмыс екі кезеңге бөлінеді. Мә­селен, көктемде 5 мың гектардан ас­­­там, ал қалған 961 гектарға күзде қара­ғай­­дың жас өскіндерін жерсіндіру мін­деті тұр. Мамандар қарағай көшеттерін отыр­­­ғызудың өз ерекшелігі барын ай­та­ды. «Резерватта ағаштарды қолдан отыр­ғызу және автоматтандырылған отыр­ғызу тәсілі жүзеге асуда. Көрші тұр­ған екі көшеттің арасы 70-80 сантиметр бо­лу­ға тиіс. Егілген көшеттер орманшы ма­­мандар бақылауында 2 жыл болады, ары қарай табиғи жолмен өсіп жетіледі. Кө­шеттер арнайы орман тұқым бағында Бо­родулиха ауданында өсірілген», – деді ор­маншы Нұржан Бақытбекұлы.

Акцияға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бұл бастаманың басты мақ­саты өңірдің биоалуантүрлілігі мен эко­жүйесін қорғауда шешуші рөл атқа­ратын орманды сақтау екенін атап өтті. 

«Бұл акция бірреттік шара емес. Ал­да­ғы уақытта да жалғасады. Тазалық жұ­мыстарына бәріміз бір кісідей атса­лы­сып, аймағымызды көркейту арқылы өс­келең ұрпаққа үлгі бола аламыз. Бұл «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» де­ген игі дәстүрдің жалғасы», – деді аймақ бас­шысы. 

Айта кету керек, семейліктердің игі­лікті ісін еліміздің Президенті де қол­да­ды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өр­тен­ген қарағайлы орманды қалпына кел­тіру жөніндегі жергілікті тұрғындар­дың бастамасын қолдады», – деп Пре­зи­денттің кеңесшісі – Президенттің Бас­па­сөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақ­шасына жазды.

Абай облысы аумағында 8 сәуірден бері 12 мыңға жуық аула ретке келтіріліп, тұр­­­мыстық қатты қалдықтар полигонына 13 мың тоннадан астам қалдық шығары­лып­ты. Бұған қоса, 80 мың ағаш, 22 мың бұта отырғызылған. Қалалар мен аудан орталықтарындағы 218 саябақ пен 85 та­рихи-мәдени ескерткіш абаттан­ды­рыл­­ды.

«Осындай игі шаралар арқылы жер­лес­терімізді қоршаған ортаны қорғау мен экология мәселелеріне назарын ау­­­даруды басты мақсат етіп отырмыз», – дейді Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуа­ныш Сүлейменов. 

Оның айтуынша, көшет отырғызу ар­қылы аймақтың экологиясын жақс­ар­­тып, қарағайлы орманды жедел қал­пы­на келтіру негізгі мақсатқа айналып отыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өр­тен­ген қарағайлы орманды қалпына кел­тіру жөніндегі жергілікті тұрғын­дар­дың бастамасын қолдағаны туралы ақ­жолтай хабар жетті. Тұтас ел көлемінде кең қолдауға ие болған «Таза Қазақстан» эко­логиялық акциясы аясында об­лы­сы­мыз­да осындай маңызды шаралар өте бере­тініне сенімдімін. Бұл ретте акция тұр­ғындарды тазалық жұмыстарына ұйыт­қы, жақсы істерге дәнекер болуға ша­қырады. Абай облысы мәслихат де­пу­таттары ретінде біз де экологиялық акцияға белсене қатысудамыз, жылдағы дәстүрге сәйкес апта сайын қаланың әр аумағында сенбіліктер ұйымдастырып тұрамыз. Себебі табиғатты аялап, барын­ша қорғап қалу – өзекті мәселе. Ал қа­ламыздың тазалығын сақтау әрбір қала жұрт­шылығының парызы мен міндеті болса, қоршаған ортаны жасыл желекке ай­налдыру қоғамның алдына қойған бұл­жытпас қағидасы болуға тиіс», – дейді мәслихат төрағасы.

Семейде орман отырғызуға қатысты жос­парлы жұмыстардан бөлек «Саябақ­тар шеруі» атты дәстүрлі көшет егу шара­сы да жақын арада қолға алынбақшы. 

Ұлағат БЕКБОЛАТ