«AMANAT» партиясы Жам­был облыстық филиалы жа­нындағы Отбасы және ха­лықты әлеуметтік қорғау мә­­селелері жөніндегі ай­мақ­тық кеңесінің көшпелі оты­рысы өтті.
Ғимараттар баршаға қолайлы болуы шарт
557
оқылды

Партия Байзақ аудандық фи­лиалының мәжіліс залында өткен кеңестің күн тәртібінде әлеу­меттік нысандардың ерекше қа­жеттілігі бар азаматтарға бейім­делуі және «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз ке­лешек» партиялық жобалары ая­сында атқарылып жатқан жұ­мыстар қаралды.

Аталған ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуге тиіс нысандардың бүгінгі күнге дейін жасалған жұмыстары өте сылбыр жүргізілуде. Мекеме­лер­дің басым көпшілігі сол баяғы төбешік пандустармен тұр. Ерек­ше жандарға ғимараттың қол­жетімділігі тек пандуспен шек­тел­­мейтіндігін ескеру керек. Ны­сан­ның сыртындағы авто­тұрақ­тан бастап, тактильді жо­лақтар, бас­пал­дақтардың биіктігі мен сары түс­ке боялуы, ішкі дәрет­хана, брайль тақтасы, көзі на­шар көре­тін адамдарға арнал­ған сызбалар, және тағы басқа қажеттіліктер болуы керек. 

Елді мекендердің басым көпшілігінде ауылдық әкім­шілік, амбулатория, пошта және клуб, сондай-ақ аудандық пошта ғи­мараттарын да ерекше қа­жеттілігі бар азаматтардың кіріп-шығуына жағдай жасал­маған. Пандустар мен баспал­дақтардың стандарт­тық нор­малары сақталмаған. 

Сондай-ақ көзі нашар көре­тін азаматтарға ыңғайлап, бас­пал­­дақтардың ернеуі сары жо­лақ­пен боялуы қажет. Сонымен қатар тактильді жолақтар да та­лапқа сай емес, кейбір ғимарат­тар­дың ішін­де мүлдем жоқ. Ар­баның кіріп-шығуына кедергі болмауы үшін есіктің табалдыры­ғы 5 сантиметр­ден аспауы керек. Бұл жерде де стандарттар сақтал­маған.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков және «Қазпошта» АҚ Жамбыл об­лыс­тық филиалының Шаруашылық бөлімінің басшысы Ж.Жамаш есеп берді. 

Жауапты азаматтарға олқы­лықтардың орнын толтырып, ғимараттарды талапқа сай жаб­дықтау бойынша ұсыныстар берілді.