23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай «AMANAT» пар­тиясы Алматы қалалық филиалындағы «Кітап-АMANAT» ор­талығында жастармен кездесу өтті.
«Кітап-AMANAT» орталығында жастармен кездесу өтті
368
оқылды

Жиын­ға «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы, танымал ақын Алмас Ахметбекұлы, «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдары­ның докторы, профессор Ғарифолла Әнес және «Қазақстанның Баспа­герлер, Полиграфистер және кітап та­ратушылар» ассоциациясының президенті Әділ Қойтанов қа­тысты. 

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысы талқыланды. Сондай-ақ қонақтар жас­тарды көп кітап оқуға шақырды.

Басқосуда жастарға Ермек Аман­шаевтың «Тәуба» және Бақыт Ежен­ханұ­лы­ның «Қожаберген батыр» кі­таптары табыс етілді.