Премьер-Министр Ол­жас Бектенов Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жат­қан шаралардың ба­ры­сын тексерді.
Жайық жағалауы нығайтылып жатыр
232
оқылды

Премьер-Министр облыс орталығындағы тұрғын үй алап­­тары бекіністерін тексеру ке­­зінде Атырауда су тасқы­ны­ның болжамды екінші тол­қы­нына дайындық жұмысымен танысты. Еліміздің батыс өңі­рін­де Ре­сейдің Ириклин су қой­масынан судың келуіне бай­­­ланысты, сон­дай-ақ Жайық өзеніне құйылар саға­да­ғы ірі тасқын мен су дең­гейі­нің көте­рілуі салдары­нан жағ­дай күр­делі болып отыр. Бұл ай­мақтағы ірі су тасқыны­нан кейін ағын су өзен арнасымен Аты­рау об­лы­сына қарай жыл­жып, Каспий теңізіне құяды. Соң­ғы тәулікте БҚО бағыты­нан келе­тін судың әсерінен Аты­рауда су деңгейінің 6 см-ге көте­рілгені тіркелді (су тасқы­ны бас­тал­ғаннан бері жалпы көте­рілуі 227 см болды). Тұр­ғын үй алап­тарын нығайту, сон­дай-ақ Жайықтың өткізу қа­білетін арт­­тыру үшін өзен түбін терең­дету жұмысы, тиісті күштердің кө­лемді судың ке­луіне дайын­дық деңгейі те­к­серілді.

Бүгінде су тасқынының ал­дын алу шаралары 92% орын­далды. Жұмысты тиімді жүр­гізу үшін қала 111 секторға бө­лінген. Ұзындығы 482 ша­қы­рым қор­ғаныс бөгеттері са­лынды, аяқ­талған учаскелер тех­никалық тұрғыда тек­сері­ліп жатыр. Бұл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорға­ныс ми­нистр­лігі, Ұлттық ұлан­ның 6 мың­ға жуық әскери қыз­мет­шісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмыл­дырылды. Еріктілер тарапы­нан белсенді көмек көрсетілу­де. Өт­кен сенбіде жағалауды ны­ғайту сенбілігі аясында қа­­ла­ны қорғау жұмысына 9 мың­ға жуық ерікті қатысты. Жайық өзенінен Каспий теңі­зіне су өткізу қа­білетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұ­мы­сы жүргізілуде. Су жолда­рын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында ар­найы техникалық флоттық ке­ме­лер, гидравликалық экс­кава­тор­лар қолданылып жатыр.

Сонымен қатар суару-су­ландыру жүйелерінде су тас­қы­­нына қарсы жұмыстар жүр­гізілу­де. Атырау облысында 15 канал­дың 14-і Жайық өзені бойында орналасқан. Төрт жүйеде (Соко­лок, Нарын, Чер­ная речка, Бақс­ай) тасқын су­дың өздігімен ағ­уына мүм­кіндік бар. Осыған байланысты суды бұру үшін жер бедерін пай­далану мақсатында арна­лар тазартылып, каналдың жиегі бұзылады. Мысалы, NCOC компаниясы қолданыс­тағы құрылыстарды бөлшектей отырып, ұзындығы 24 шақы­рым болатын «Соколок» қо­сым­ша айналма арнасын салу үшін жерді қазу жұмыстарын жүргізу­де. Жалпы алғанда, атал­­ған су бұру арналары тас­қын суды 139,9 м3/сек ағызу мүм­­кіндігіне ие. Барлық не­гізгі су қабыл­да­ғыш­тарда сор­ғы стансаларының қыз­­мет­кер­лері тәулік бойы ке­зек­­шілік атқаруда. 

Айта кетейік, қауіпті ай­маққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді, бұл ау­мақта 10,5 шақырым бөгет ор­­на­ласқан. Қазір бұл аумақта ар­­на­йы техникалар арқылы бө­­гет­­тер тұрғызылған. Сон­дай-ақ су басу қаупі бар Ин­дер­бор, Ел­тай, Есбол, Көк­тоғай, Бөдене, Өрлік және Ын­тымақ ауыл­дарында бөгет­тер көтеріліп жа­тыр. Ин­дер, Махамбет, Исатай және Құр­манғазы аудандарында жа­ға­­лауды нығайту жұмыстары жүр­­гізілуде.  Сонымен қатар су тас­қынынан зардап шеккен Жы­­лыой ауданында ТЖ зар­дап­­тарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Электр және газ­бен жаб­дықтауды қалпына келтіру жал­ғасады. 201 үйде газ беру қал­пына келтірілді, 41 үйде дезин­фекциялық жұмыс­тар аяқталды. Зардап шеккен тұрғындарға бас­па­наны уа­қыт­­ша жалға алу үшін және бас­қа мақсаттарға 100 АЕК мөл­шерінде қаржылық көмек көр­сетіледі, 3 271 отбасы тө­лем ал­ған. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұ­мы­сын жалғастырып жатыр. 

Асыл ТҰМАР