Намсеул университетінде білім алып жатқан 2-курс студенті Эльвира Бекқалиқызы бұл студенттерге берілген үлкен мүмкіндік екенін айтады.
Қазақстан студенттері шетелдік жоғары оқу орындарында тәжірибе жинап жүр
1,951
оқылды

Абай университетінің Филология институты әлемнің 30-дан астам жетекші университеттерімен ынтымақтастық негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырады. 

Институт студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша, Литва, Эстония, Түркия, Қытай, Ресей және басқа елдерде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтеді. Бүгінгі таңда  шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі, шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі, аударма ісі мамандықтарының студенттері академиялық  ұтқырлық бағдарламасымен 1 семестр бойы үздік шетелдік университеттерде білім алып жатыр. 

Қазіргі таңда бағдарлама аясында 2-курс ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі, қытай тілі мамандығының жеті студенті Қытай Халық Республикасындағы Пекин ұлттық университеті (Пекин) мен үш студент Чжэцзян Юэксиу шет тілдер институтында (Шаосин) академиялық ұтқырлық бойынша білім алса, дәл осы мамандықтың корей бөлімінің үш студенті Намсеул университетінде білім алып жатыр.  Ал  2-курс аударма ісі және 1-курс шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі (араб/түрік)» мамандығының студенттері Түркия елінде  білімін жетілдіріп жатыр. Атап айтқанда, аударма ісі мамандығының  алты студенті Газиантеп университетінде (Газиантеп), шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі, араб тілі мамандығының төрт студенті Килис 7 Аралык университетінде (Килис) және шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі, тұрік тілі мамандығының үш студенті Ризе Реджеп Тайип Эрдоған университетінде (Ризе) оқып жатыр. Аударма ісі мамандығының 1-курс магистранттары Адам Мицкевич университетінде (Польша) тағылымдамадан өтіп жатыр.

Намсеул университетінде білім алып жатқан 2-курс студенті Эльвира Бекқалиқызы бұл студенттерге берілген үлкен мүмкіндік екенін айтады.

«Шетелде оқу туралы білгенде, бірден келісім беруді шештім.  Абай университетінің студенттері басқа елдердің тілі мен мәдениетін үйренудің бірегей мүмкіндігіне ие болды. Бұл біздің ой-өрісімізді, академиялық және жеке тәжірибемізді кеңейтуге көмектеседі. Мен осы керемет мүмкіндіктер үшін және арманымды жүзеге асыруға қолдау көрсеткен университетіме ризашылығымды білдіремін», - дейді ол.