Нысан «Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жөніндегі» республикалық Жол картасының 85-тармағын орындау бойынша салынып жатыр.
Семейде оқушылар сарайы салынып жатыр
1,542
оқылды

Құрылыс Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде іске асырылуда.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов атап өткендей, көпфункционалды орталық заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, мектеп оқушыларының қосымша білім алуға деген сұранысын қамтамасыз ете алады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында оқушыларға арналған көпфункционалды орталық салынуда. Орталық 6 функционалды аймаққа бөлінеді, олардың әрқайсысында заманауи технологиялар қолданылады. Семейде Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы бұрыннан бар, ол біріншіден қаланың оң жағалауында орналасқан, екіншіден, қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы жоқ. Жаңа орталықта робототехника кабинеттері, спорт секциялары орналасады, - деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, қала әкімі құрылысты аяқтау келесі жылға жоспарланып отырғанын айтты.

– Орталыққа кіреберістерді қалалық қызметтермен пысықтаймыз. Мұнда кіру, автотұрақ, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған екі көпір өткелі болады. Балалардың қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етіледі. Қала әкімдігі осы жобаларға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде, - деп қорытындылады қала әкімі.

 

Орталықта ұсынылатын бағыттар:

• ғылыми-техникалық (нейроробототехника, астрономия, бағдарламалау кабинеттерімен);

• әр түрлі шығармашылық студиялары бар көркемдік және эстетикалық бағыт;

• спорттық-сауықтыру ( үлкен және кіші бассейндері, шығыс жекпе-жек залдары, фитнес-залдары).

Гуманитарлық, психологиялық бағыттарға сенсорлық бөлме мен сөйлеуді дамыту кабинеті, тарихи-өлкетану Co-working кітапханамен және басқа секциялар кіреді.