Полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалған. Ол Оңтүстік-шығыс ауданындағы көпқабатты үйдің дәлізінде нәрестенің жатқаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нәресте жедел жәрдем қызметкеріне берді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.