24 қаңтардан бастап мек­теп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін бо­ла­ды.
Оқушылар музейге тегін кіреді
781
оқылды

Бұл оқу процесін байытып қана қоймай, балалардың мәдениетке, өнерге және тарихқа деген терең қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар музейлерге бару арқылы олардың сыни ойлау қа­білеті мен аналитикалық дағдылары да дами түседі. 

«Елімізде 3,9 миллион оқушы бар. Біз барлық бала мен жасөспірім өнер туындыларын, артефактілер мен экспонаттарды өз көздерімен көріп, дүниетанымын кеңейткенін қалаймыз. Бұл оларға қосымша білім алып, тарихи оқиғаларға терең үңілуге көмектеседі. Мектеп оқушылары музейлерге негізінен сынып жетекшілерімен бірге келе­тінін байқаймыз. Енді олар оқу жылы барысында да, демалыс ке­зінде де Алматы әкімдігіне қарасты музей­лерге тегін бара алады», – деп хабарлады қала әкімдігі.