Парижде 120-халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті. Көрмеге кілемге сурет салатын қазақстандық шебер де қатысып, шетелдіктер назарына туындысын ұсынды.
Париждегі көрмеге қатысты
761
оқылды

Cалон д’Отомн деп аталатын мәдени іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңнан аса әртіс өз шығармашылықтарын паш етті. 

Әсел Сабыржанқызының өнерімен әлеуметтік желі қолдану­шылары жақсы таныс. Жас талант иесі кілем үстіне қылқаламмен сурет салады. Шебер Ұлы даланың батыл қыздарын бейнелеген кілем-картинасын көпшілік назарына ұсынды. 

– Менің шығармашылығым ел тарихындағы ұлы тұлғаларға арналады. Өз замандастарымды елге еңбегі сіңген кейіпкерлермен таныстырсам деймін. Сол себепті туындыларымды әлем деңгейінде жарыққа шығарғым келеді, – дейді суретші Ә. Сабыржанқызы. 

Көрме басшылығы Әселдің көз тартар туындыларына ерекше қызығушылық танытты. Сол себепті келушілердің көз алдында Франция саясаткері әрі гуманист Симон Вейльдің портретін бей­нелеуін өтінген. Ал картина Париж көрмесіне табысталады.