Ірі смартфон өндірушілер арасында бәсекелестік жылдан-жылға күшейіп отыр. Технологиялық алпауыттар 10-14 айда жаңа модельдер ұсынып, тұтынушыларын қызықтыруда.
Apple әлемдегі бірінші смартфон өндірушіге айналып, Samsung-ты басып озды
Apple-дің үздік смартфондары. Фото ixbt.com сайтынан алынды
2,415
оқылды

BBC News басылымы Apple соңғы 12 жылда алғаш рет Samsung-ты көшбасшылықтан ығыстырып, әлемдік смартфондар нарығының басым бөлігін иемденгенін хабарлады. Британдық басылымның мақаласына сілтеме жасаған Aikyn.kz бұл өзгерістердің себебін түсіндіреді.

Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images

International Data Corporation (IDC) мәліметтері бойынша, өткен жылы әлем бойынша сатылған телефондардың бестен бірін америкалық телефон алыбы өндіргенін жариялады. 

Samsung 19,4% нарық үлесін иеленді, одан кейін Қытай телефон өндірушілері Xiaomi, OPPO және Transsion тұр.

IDC мәліметтері бойынша өткен жылы шамамен 1,2 миллиард смартфон сатылған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3%-ға төмен. Бұл онжылдықтағы ең төмен сатылым болған, өйткені экономикалық қиындықтар мен жоғары пайыздық мөлшерлемелер жағдайында көптеген тұтынушылардың әмияндары жұқарған. Сарапшылар 2024 жылы нарық өзінің пандемияға дейінгі қалпына келуін болжауда.

Samsung бас директоры Джонатан Габрио Лас-Вегастағы CES 2024 технологиялық көрмесінде. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock / EPA

IDC өткен жылы 234 миллионнан астам телефон сатқан Apple компаниясының «ең үлкен жеңімпаз» екенін мәлімдеген. IDC қызметкері Набила Попал: «Apple жыл сайын оң өсім көрсететін үздік үштіктің жалғыз ойыншысы болып, алғаш рет бірінші орынға шықты. Мұның бәрі оның ең үлкен нарығы Қытайдағы реттеуші қиындықтарға және Huawei бәсекелестігінің күшеюіне қарамастан орын алды».

Жақында Huawei компаниясы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деген айыппен америкалық технологиямен жасалған чиптерді сатып алуға Вашингтон тыйым салғаннан кейін өзінің жеке чиптерін шығара бастады.

Ал ескі модельдерді жаңаға ауыстыру ұсыныстары, пайызсыз қаржыландыру жоспарлары Apple сияқты премиум құрылғыларға сұранысты арттырды.

iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max моделдерінің жаңашылдықтары туралы мына видеода: Көшбасшылықтан айырылу жад микросхемаларын, смартфондар мен теледидарлар шығаратын әлемдегі ең ірі өндіруші ретінде осы уақытқа дейін бірінші орынды иеленген Samsung үшін көңілсіз жаңалық болды.

Жақында Оңтүстік Кореяның электроника алыбы тұтынушылық электроникаға жаһандық сұраныс әлсіз болып қалатындықтан, оның кірісі төмендейтінін ескерткен еді.

Сондай-ақ ол Transsion және Xiaomi сияқты арзанырақ Android модельдерімен бәсекелестікке тап болды, қытайлық компаниялар үнемшіл тұтынушыларды да, дамушы нарықтарды да төмен бағамен қызықтыруда.

Сарапшылар әлемдік смартфондар нарығы «өте қызық кезеңге» еніп жатқанын айтып жатыр. Өйткені Android құрылғыларын жеткізушілердің көбеюі нарықты өзгерткен. Сонымен бірге, тұтынушылар жиналмалы телефондар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне көбірек басымдық бере бастаған.