Сібір жерінің мәңгі тоңында пайда болған бұл кратерлер ғалымдарды таңғалдыруда.
Кратерлердің тереңдігі 50 метрден асады, ені 20 метрге жетеді. Олардың айналасында жүздеген метрге дейін жер қойнауынан шыққан тау жыныстары шашылған.
Ресейдің Сібірінде жұмбақ кратерлер пайда болған
Солтүстік Сібірдегі Ямал түбегінде жаңадан пайда болған кратер. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters
2,132
оқылды

Алғаш рет он жыл бұрын бұл кратерлерді байқаған зерттеушілер олардың пайда болу себептерін әлі де таба алмай келеді. Мәңгі тоң жерлердегі кратерлердің табиғатын Aikyn.kz жақында businessinsider.com сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасап түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Vasily Bogoyavlensky / AFP

Осыдан 12 жыл бұрын табылған жарылғыш кратерлер Сібірдің мәңгі тоң жерлерінде ғана кездеседі. Ғалымдар кратерлер тоң болып қатқан жер астында жиналған табиғи газдардың жер бетіне шығып жарылуынан туындауы мүмкін деген болжамдар айтуда. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұндай жарылыстар 100 шақырым қашықтықта да естілген.

Ғалымдар бұл жарылыстар жер астындағы мол газ қорлардан жоғары шығып жатқан ыстық табиғи газ себеп болуы мүмкін дейді. Табылған мәліметтер кратерлердің неліктен Сібірдің белгілі бір аймақтарында ғана пайда болатынын түсіндіре алады.

Мәңгі тоң жерлердің еруінен пайда болған кратерлер туралы видео:

«Ресейдің Сібір аймағында табиғи газдың үлкен жер асты қоры бар. Климаттың өзгеруі немесе атмосфераның жылынуы мәңгілік мұздарды еріте бастағанда, осындай құбылыстар болады. Бұл кратерлер тек Сібірде бар», –  дейді зерттеу тобының жетекшісі Норвегияның Осло университетінің профессоры Хельге Хеллеванг.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Vasily Bogoyavlensky / AFP

Мәңгілік тоңы көптеген органикалық заттарды жердің бетіне шығармай ұстайды. Температура көтерілген сайын тоң еріп, топырақ құрамының ыдырауынан метан бөлінеді. Сондықтан ғалымдар кратерлердің түбінде мәңгілік мұздан шығатын метан жатыр деп болжаған.

Бұл ақылға қонымды болжам. Дәл осындай процесс термокарсттарға қатысты жүреді. Мәңгілік тоң еріген жерлерде пайда болатын әрі жанатын көлдердің пайда болуы олардың беттеріне метанның көпіршік болып шығуымен байланысты екені дәлелденген.

Темокарстар метанға толы, олар көпіршік болып су бетіне шығады. Бұндай көлдер жанады да. Фото NASA сайтынан алынған. Авторы: Софи Бейтс

Ал Сібірдегі кратерлердің пайда болуы неліктен әртүрлі аудандарда пайда болғанын түсіндіре алмайды. Әзірге мұндай кратерлердің тек сегізі анықталды және олардың барлығы өте ерекше аймақта орналасқан: Батыс Сібір түбегі Ямал және Ресейдің солтүстігіндегі Гдан аймақтарында.

Жарылыс қаупі бар көлдер болса мәңгі тоң пайда болатын кең географиялық аудандарда байқалады, соның ішінде, Канада да бар.

Хеллеванг және оның әріптестері кратерлердің пайда болуын басқа механизммен түсіндіреді. Олардың болжауынша: кейбір геологиялық жарықтар арқылы ағып жатқан ыстық табиғи газ мұздатылған топырақ қабатының астында жиналып, төменгі мәңгі тоң қабатын қыздырады. Ыстық газдың бұлайша жиналуы мәңгі тоң қабатын астынан ерітеді. Уақыт өте келе бұндай жерлер опырылып әлсіз және құлауға бейім етеді. 

Ресейдің Саха ауданындағы кратерлерде ашылған жұмбақтар туралы мына видеода:

Температураның жоғарылауы бір мезгілде мәңгі мұздың жоғарғы қабатын ерітеді. Бұл газдың кенеттен шығуы үшін тамаша жағдай жасайды, яғни, не жарылысты, не қысымды газдан туындаған «механикалық күйреу» тудырады. «Кратер осылайша туындайды»,  – дейді норвегиялық зерттеушілер. 

Сібір аймағы әлемдегі ең ірі мұнай мен газ қоры жиналған аудан болғандықтан ғалымдардың гипотезасы бойынша, бұл жерде кратерлер көп болуы керек. Бұл шалғай аудан болғандықтан көптеген кратерлерді су мен топырақ басып жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан пайда болған кратерлердің санын білу мүмкін емес..

«Егер сіз Ямал түбегінің спутниктік суретін қарасаңыз, онда мыңдаған дөңгелек тақта тәрізді ойпаттарды көресіз. Олардың көпшілігі немесе барлығы термокарстар болуы мүмкін, бірақ олар ертерек пайда болған кратерлер де болуы мүмкін», – дейді профессор Хеллеванг.

Ғалымдардың гипотеза дұрыс болып шықса, бұл климаттық модельдер үшін қиындықтар туғызуы ықтимал. Дегенмен оның Сібірмен ғана шектелетінін ескерсек, онда метанның жер бетіне шығуының жаһандық әсері аз болады деп болжануда.