Инвестициялар капиталды басқарудың тиімді құралы ретінде танымал болып келеді.
Инвестициялауды қайдан үйренеміз?
1,588
оқылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реестрінде тіркелген қор нарығында қызмет көрсететін брокерлік компаниялар саны бүгінде 30-ға жетеді. Бұл уақыт өткен сайын елімізде брокерлік қызметке сұраныстың артқанын көрсетеді. Дегенмен инвестициялық қызметпен өз бетінше айналысуға ниетті инвесторлар да жеткілікті. Мұнда ең негізгісі – білім алып, қор нарығында сауда стратегиясын құруға машықтану. Ендігі сұрақ оны қалай және қайдан үйренуге болады?

Қор нарығына инвестиция жасау үшін қажетті білім алудың көптеген нұсқалары бар. Біреу танымал инвесторлардың кеңестеріне сүйене отырып, инвестиция әлеміне өз бетінше қадам жасайды. Қаржылық анализдермен танысып, үнемі өзекті жаңалықтар мен нарықты бақылау арқылы үйренеді. Ал енді біреулер инвестициялауға баулитын арнаулы курстар мен тренингтер арқылы үйренуді жөн көреді. Мұның бәрі сіздің оқуға қанша уақыт, күш пен ақша жұмсауға және тақырыпқа қаншалықты тереңірек енуге дайын екеніңізге байланысты. 

Курстарды таңдау кезінде оқытушылардың тәжірибесіне және компанияның нарықтағы беделіне ерекше назар аудару керек.

Инвестициялауға үйрететін құралдар арасынан: тегін және ақылы, онлайн немесе офлайн форматта, сондай-ақ білім деңгейі мен тәжірибесі әртүрлі инвесторларға арналған курстар мен семинарларды таба аласыз. Әр құралдың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең маңыздысы тәжірибе жүзінде пайдаланып көрмесеңіз, теорияда алған білімнен пайда болмайды.

Өкінішке орай, елде инвестициялаудың танымал бола түсуімен бірге, көптеген сенімсіз ұйымдар да пайда бола бастады. Мұндай мекемелердің қор нарығында тәжірибесі белгісіз, әрі курс барысында беделі күмәнді сарапшылар сабақ береді. Олар қысқа мерзімде қор нарығының нағыз маманына айналдыруға уәдені үйіп-төгеді. Бірақ көп жағдайда мұндай мекемелер инвестициялаудың тәуекелдерін түсіндіруге келгенде құлықсыз. Әрі тәжірибеңіз бен біліміңіз болмаса капиталдан айырылып қалу өте оңай екенін ескертпейді. Қазіргі таңда баршаға белгілі валюта айырбастау нарығының дилерлері мен қаржы пирамидалары инвестицияларды оқыту схемаларын жиі пайдаланады. Көп жағдайда мұндай «тренингтерде» қарапайым халық жетік түсіне бермейтін криптовалюта секілді қаржы құралдары арқылы пайдаға кенелуге «кепілдік» береді. 

Алаяқтардың қолына түспеудің ең тиімді жолы — инвестиция салуды күн сайын күрделі шешімдер қабылдап, миллиардтаған теңгеге жуық портфельдерді басқаратын нарық қатысушыларынан үйрену. Себебі мұнда нағыз кәсіби мамандар өз тәжірибесімен бөліседі. 

Инвестициялау бойынша білім алуға арналған осындай озық платформалардың бірі –  Freedom Broker ұсынған Freedom академиясы. Компания азаматтар арасында қор нарығына қатысты сараптамалық білімге деген қажеттілікті түсінді. Осылайша үлкен брокерлік тәжірибе негізінде пайда болған академияда тәжірибелі 30-дан астам оқытушылар мен кураторлар құрамы жасақталды. Бүгінде беделді инвесторлар мен трейдерлер және сарапшылар Академияда білім алушыларға ұстаздық етеді.

Freedom Academy инвесторларға қор нарығында табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім, дағдылар меңгеруіне көмектеседі. Академия курстары теориямен ғана шектелмей, алған біліміңізді тәжірибе жүзінде пайдалануға, компанияның қаржылық көрсеткіштерін талдауға және инвестициялаудағы тәуекелдерді басқаруға үйретеді.

Инвестициялауды неден бастаймын деген азаматтар академия сайтында  тесттен өту арқылы өзіне қажетті курстарды таңдай алады. Дегенмен бастапқыда оқу орталығы ұсынатын тегін материалдармен танысуға кеңес береміз. Мәселен, Freedom Academy веб-сайтында жаңадан бастаушыларға өте пайдалы болатын  «Фантастикалық акциялар және олар қайда мекендейді» атты бейне курсы бар.  Сонымен қатар Инвест-тәлімгерлер жүргізетін тікелей эфирлерде қор нарығына қатысты актуалды тақырыптар талқыланады. Одан бөлек, инвестиция жайында маңызды мағлұматтар беретін «Кто тут инвестор?» атты аудио-подкастын тыңдай аласыз. Сондай-ақ академия сарапшылары ұсынған мақалалар арқылы тақырыпты өз бетіңізше тереңірек зерттеуге мүмкіндік бар. 

Академия құрылғалы орташа жасы – 28-ден 34 жас болатын 23 мыңнан астам тыңдаушы білім алды. 

Жалпы алғанда Freedom Academy платформасында үш деңгейге бағытталған әртүрлі курстар  ұсынылған: бастапқы, тәжірибелілер үшін және алған білімді іс-жүзінде сынау. Оқу барысында жеке қаржыны басқару негіздерін меңгеріп, инвестициялаудың тиімді жолдарымен танысасыз. Сонымен қатар қор нарығының қыр-сырын түсініп, бағалы қағаздарды сауатты талдауды үйренгісі келетіндерге арналған «Инвест-компас» және «Фундаменталды талдау» онлайн курстарының жазбалары бар.  Онлайн форматтағы бағдарламалардың іске қосылуын жіберіп алмау үшін Академияның Instagram-дағы ресми аккаунтына жазылуды ұсынамыз. Академия оқытушыларының сауда стратегияларымен танысып, практикалық тәжірибе алғысы келетіндер үшін күндізгі және қысқа мерзімді сауда бойынша екі курс бар. Олардың бірі – Талғат Байбусиновтың «Day trading» курсы және Максим Адияновтың «Барынша дәл стратегия» курсы.

Ал «Қор нарығы бойынша жеке курсында» қатысушылар бағдарлама мен оның мазмұнын, ұзақтығы, оқу күндері мен уақытын өздері таңдайды.

Инвестициялау мен капиталды дұрыс басқаруды үйрену үшін теория аз. Сондықтан академия бағдарламалары игерген білімді бірден тәжірибеде қолдануға болатындай етіп жасалған. 

Оқу барысында курс тыңдаушылары жеке платформада жаттығуларды орындап, үй тапсырмасын жасайды. Сонымен қатар қажетті жазбаларды сақтап, ffin-edu.com сайтындағы жеке кабинеті арқылы кураторлармен байланыс орната алады. Практикалық білім теорияны бекітудің маңызды құралы. Сондықтан академияның әрбір бағдарламасында тыңдаушылар Tradernet.Global тегін платформасында нақты есептік жазбада алынған білім мен дағдыларын жаттықтырады. Статистикаға сәйкес, түлектердің 70%-ы оқуға кеткен шығындарын қор биржасындағы сауданың бірінші айында өтейді.

Қорыта айтқанда, инвестиция арқылы сіз жақсы табыс тауып, уақыт өте келе өзіңізге капитал жинай аласыз. Бірақ инвестициялау тәртіп пен шыдамдылықты қажет ететін процесс екенін есте ұстаған жөн. Сол себепті биржаға бармас бұрын, оқуға қанша уақыт жұмсауға дайын екеніңізді шешуіңіз керек. Егер биржада белсенді сауда жасағыңыз келсе, сізге көбірек білім мен дағдылар қажет болады. Сондықтан оқу алдында курстан не күтетініңізді анықтап, білім беру бағдарламасын мұқият бағалаңыз. Таңдау барысында үй тапсырмасы бар және куратор-сарапшылар кері байланыс беретін курстарға басымдық беріңіз.

Кәмила ДҮЙСЕН