Іс-шара «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорына қарасты лицейлердің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған. Сайыс – қоғамдық қор мектептерінің «ұстаз-оқушы-ата-ана» алтын үштік ұстанымының жемісі.
Астанада Brain Rain республикалық интеллектуалды сайысының финалы өтті
1,758
оқылды

«Жалпы, 30 жылдық тәжірибеде БИЛ ұстаздары мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынас бала тәрбиесі мен оқу үлгеріміне оңтайлы әсер ететініне куә болып жүрміз. Бұл интеллектуалды сайыс арқылы мектеп тек балаларымызды  емес, бізді де жан-жақты дамытуда. Бұл жарысқа дайындалу барысында мектепте бас қосып, мұғалімдерімізбен арнайы дайындаламыз», – дейді қатысушы ата-ана.

200-ден астам «Білім-Инновация» лицейінен жасақталған 18 команда ішінен үздік алтауы ақтық сынға жолдама алған. Олар Астана, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалаларынан келді. Әр команда құрамы 6 ата-анадан тұрады. Түрлі дәрежедегі 25 сұраққа жауап берді. Бұл кезеңнен өткен қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болды. Айта кету керек, білім бәсекесінің жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге.

«Ата-аналармен қарым-қатынас әртүрлі болады. Бұл интеллектуалды жарыстар, спорттық іс-шаралар, ата-аналардың балаларға құндылық сағаттары, балалар мен ата-аналар болып сыныппен табиғат аясына пикниктерге шығу, ата-ананың үйіне жақынырақ танысу мақсатында қонаққа бару, қалалар арасы саяхат секілді өтеді. Біз осы шаралардың білім және тәрбие беру жүйесінде көптеген пайдасын көріп жүрміз», – дейді «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының бірінші вице-президенті Ержан Аубакиров.

«Білім-Инновация» ХҚҚ қоғамдық қатынастар жөніндегі вице-президенті Арафат Нұрлақовтың айтуынша,  Brain Rain  интеллектуалдық сайысы оқушылардың арасында да өтіп жатады. Бірақ бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – мұның ата-аналар арасында өткізілуі. Өйткені мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болуы өте маңызды.