Астана қаласында балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Бұл туралы қаланың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлімдеді.
Астанада балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсті
1,008
оқылды
Астана қаласында 67 642 баланы қамтитын 505 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. (100 мемлекеттік, 402 жекеменшік, 3 ведомстволық)

Қазіргі кезеңде INDIGO электронды порталында мектепке дейінгі жастағы 60 971 бала тіркелген, оның ішінде 2 мен 6 жас аралығында 41 818 бала бар.
Жыл бойы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Биыл балабақшаларда жалпы саны 10 317 орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
Оның 9157-і қаңтар-сәуір айында орналастырылды, қалған 1360 орын осы қыркүйек айында орналастырылып, құжаттар қабылдануда. Барлығы INDIGO сайты арқылы жүзеге асырылатынын жақсы білесіздер. Жаңа балабақшаларды ашу мәселесіне келетін болсақ, үстіміздегі жылы мектепке дейінгі ұйымдар жанынан 500 орынға тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарынан қосымша ғимараттарды ашу жоспарланып отыр», - дейді Есет Байкен.

Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өскенін ерекше атап өтті.