Жаңа оқу жылында күрделі жөндеуден өткен мектептер пайдалануға беріледі. Үш ауысыммен оқитын 29 мектептегі проблема шешіледі.
Биыл 102 мектеп пайдалануға беріледі
898
оқылды

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, биыл 260 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бүгін соның ішінде, 194 нысанда күрделі жөндеу аяқталуы тиіс.

Бүгін 65,6 мың орынға арналған 52 мектеп іске қосылмақ. 

Биыл жыл соңына дейін 66,4 мың орынға арналған 102 мектеп пайдалануға берілуі қажет. Сол кезде 12 апаттық және үш ауысыммен білім беретін 29 мектептің мәселесі шешімін табады.