Еуропадағы бірінші және әлемдегі үшінші үлкен университет, шамамен 3 миллион студенті бар Anadolu университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі бай бағдарламалары мен сапалы оқу мүмкіндіктерімен жаңа студенттерін күтуде.
4 континенттегі 39 елде білім беру қызметтерін ұсынатын жаһандық кампус
572
оқылды

1958 жылы негізі қаланған және 65 жылдық тамыры терең тарихы бар Anadolu университеті 4 түрлі континенттегі 39 елге білікті жоғары білім қызметтерін ұсынатын және халықаралық диплом жарамдылығы бар мемлекеттік университет болып табылады. 2005 жылдан бері Еуропалық кредит жүйесін қолданып келе жатқан университет білімгерлеріне халықаралық диплом қосымшасын (Diploma Supplement) береді. Білкмгер саны жағынан әлемнің мега университеттерінің қатарында тұрған Anadolu университеті; Ол қазіргі заманғы білім беру технологияларымен заманауи, серпінді және инновациялық көзқараспен өмір бойы білім беру қызметтерін ұсына отырып, ғылыми білімге үлес қосуға бағытталған. Университет өзінің халықаралық білімгерлеріне қолдау көрсету стипендияларымен үлес қосады.

ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ МҮМКІНДІКТЕР

Anadolu университеті орналасқан қаласымен де, білімгерлерге ұсынатын кампус мүмкіндіктерімен де бүкіл әлемдегі білімгерлерді қызықтыратын маңызды орталық болып табылады. Әлемдегі ең қауіпсіз және ең бақытты қалалар тізімінің басында тұрған және студенттік қала болу мәртебесіне ие болған Эскишехир студенттердің барлық қажеттіліктерін ыңғайлы және оңай қанағаттандыра алатын Түркияның ең белсенді қалаларының бірі. Қала орталығында орналасқан, жасыл желекке оранған Anadou университетінің Юнус Эмре кампусы; кітапхана, асхана, кинотеатр және театр сияқты белсенді аймақтары  тәулігіне 24 сағат қызымет көрсетеді. Юнус Эмре кампусы білімгерлерге өнерден спортқа, ғылымнан мәдениетке дейін барлық қызмет түрлеріне мол мүмкіндіктер ұсынады.

59 БАКАЛАВР ЖӘНЕ 14 2 ЖЫЛДЫҚ  БАКАЛАВР БАҒДАРЛАМАСЫ

3-і ашық және қашықтан білім беретін 12 факультеті, 1-і Мемлекеттік консерватория, 3 кәсіптік мектеп, 5 институт және 25 ғылыми-зерттеу орталығы бар Анадолу университеті 59 бакалавр және 14  2 жылдық бакалавриатпен заман талабына сай білімі бар оқу орны.

 

60-тан астам ЕЛДІҢ БІЛІМГЕРЛЕРІ

Университетте толық аккредиттелген фармацевтика және медицина ғылымдары факультеттері бағдарламаларының кең ауқымы бар, әсіресе құқық, әдебиет, экономика және коммуникация сияқты әлеуметтік ғылымдар саласында,медицина ғылымдары саласында, факультет бейнелеу өнері факультеті және мемлекеттік консерватория бағдарламаларында.

 4 ТҮРЛІ ТІЛДЕГІ АҚПАРАТ

Университеттің ресми білім беру жүйесі туралы толық ақпаратты 4 түрлі тілде қызмет көрсететін international.anadolu.edu.tr/en веб-сайтынан және Ашық білім беру жүйесі туралы толық ақпаратты globalcampus.anadolu.edu.tr веб-сайтынан табуға болады. . Баршаңызды әлемдегі ең үлкен білім беру ордасы Anudolu университетімен танысуға және біздің отбасымыздың мүшесі болуға шақырамыз.

СТУДЕНТТЕРІ ЕҢ БАҚЫТТЫ ҚАЛА: ЭСКИШЕХИР

Студенттік қала және географиялық тұрғыдан Анкара мен Стамбул сияқты ірі қалаларға жақын орналасқан орталық орналасуымен Эскишехир халықаралық зерттеулерге сәйкес әлемдегі және Түркиядағы ең қауіпсіз және ең бақытты қалалар тізімінде алдыңғы қатарда. Эскишехир сонымен қатар студенттерге барлық бюджеттерге сәйкес келетін әртүрлі нұсқаларда тұру, тамақтану және ішу мүмкіндіктерін ұсынады.