Елордада 14 мектеп салынып жатыр, оның 11-і алдағы оқу жылында тапсырылмақ.
Жеңіс Қасымбек: Елордада 14 мектеп салынып жатыр
1,152
оқылды

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында хабарлады.

«Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бұл оқушылар мен ата-аналар үшін де, сол секілді ұстаздар үшін де ерекше кезең. Бүгін мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясын өткіздік.

Қалада үш ауысымды және шамадан тыс жүктемесі бар мектептер әлі де жоқ емес.
Дегенмен біз бұл мәселені шешу үстіндеміз. Елордада 14 мектеп салынып жатыр, оның 11-ін алдағы оқу жылында тапсырамыз. Олардың үшеуі 1 қыркүйекте есігін айқара ашады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жайлы мектептердің құрылысы қатар басталды.
Осы ұлттық жоба бойынша 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынады.
Жаңа үлгідегі білім ошақтары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Сол сияқты біздің мақсатымыз – кадрлар даярлау. Жыл сайын педагогикалық мамандықтарға гранттар бөлеміз, ұстаздарымызды біліктілігін арттыруға жібереміз, Президенттің қолдауының арқасында педагогтардың жалақысы едәуір артты және т.б.

Мұғалімнің еңбегіне толық баға беру мүмкін емес. Олар балаларымызға білім беріп қана қоймай, әлеуетін ашуға, ерекше қасиеттерін анықтауға және бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін және оқу жылының жемісті өтуін тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.