Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы «Kris P Almaty» парақшасы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға эвакуатор тасжолдан «Табаған» тау шаңғысы курортына түсіп бара жатқанда болған.
Жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылып, кейін өзенге қарай аударылып қалған. Оқиға сенбіде, 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.