Бүгінгі әлеуметтік желілер достармен қарым-қатынас жасайтын, коммуникацияға арналған орын емес. Бүгінгі әлеуметтік медиа – брендтер мен жұлдыздар өнер көрсететін сахнаға ұқсайды. Әлеуметтік желіге тіркелген қарапайым аудитория –
солардың көрерменіне, табыс көзіне айналған.
Әлеуметтік желілер өшіріледі
1,537
оқылды

Threads сияқты жаңа әлеуметтік желілер достармен қарым-қатынас жасайтын, шынайы коммуникацияға арналған орын емес. Бүгінгі әлеуметтік медиа – брендтер мен атақты адамдар шығып өнер көрсететін сахнаға ұқсайды.

Әлеуметтік желіге тіркелген қалған миллиондаған аудитория – солардың көрерменіне, табыс көзіне айналған. Financial Times басылымның мақаласынан шыққан осындай қорытындыны Aikyn.kz толықтырады. 

Фото Shutterstock банкінен алынды. Авторы: Cristobel Herrera-Ulashevich

Марк Цукерберг осы жазда «Илон Маскпен жекпе-жекке шығамын» деген дүрбелеңмен шектелмей, Twitter-ге бәсекелес Threads микроблог қызметі мен әлеуметтік желісін іске қосты. Ресми түрде 2023 жылдың 5 шілдесінде бірден 100 елде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада және Жапонияда қосылған жаңа әлеуметтік желіге бірінші күні 50 миллион адам тіркелген.

5 күн ішінде оған 100 миллион адам қосылып, сонша аудиторияны қысқа мерзімде жинаған ChatGPT рекордын жаңартып, интернет тарихындағы ең жылдам дамып келе жатқан қауымдастыққа айналды. 

Бүгінде әлеуметтік желілерден бас тартып, оларды өшіріп қойған адамдар саны өсіп келеді. Мына видеода желілерсіз өмір сүрудің артықшылықтары айтылады:

 

Threads сервисі – Facebook, Instagram мен WhatsApp сияқты Meta Platforms иелігіндегі жаңа компания. Threads микроблогында жазбалар 500 таңбамен шектеледі, фотосуреттерді немесе 5 минутқа дейінгі видеоларды қосуға болады. Сервиске тіркелу Instagram желісіндегі аккаунт арқылы жүзеге асырылады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Mrs

Цукербергтің айтуынша, Threads сервисін іске қосқандағы басты идея – миллиард адамның өзара қарым-қатынас жасап, сөйлесе алатын платформа жасау. Мамандар миллиард адамның бір-бірімен сөйлесуін тыңдау қорқынышты түс сияқты естілетінін айтуда. Threads – қарапайым адамдардың өзара коммуникация жасайтын алаңына ұқсамайды. Бұл әлеуметтік желі – сахнаға көбірек ұқсайды. Ол – адамдарды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға емес, адамдарды аудитория ретінде ұстағысы келетін сияқты. 

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Flashpop

Әлеуметтік желілер бұл күндері қарапайым аудиторияның өзара пікір алмасатын орны болмай қалды. Threads-ке тіркелген көпшілік әлеуметтік платформада брендтер мен атақты адамдарды ғана көріп, солардың жариялаған материалдарын оқуға мәжбүр болғандарын айтуда.

Бір кездері адамдар әлеуметтік желілерге бір-бірімен хабарласып, жаңалықтармен бөлісу үшін қосылатын. Financial Times тілшісі Элейн Мур «2007 жылы Facebook-қа желідегі достарымның не істеп жатқанын көру үшін тіркелдім» дейді.

Ол «қазір сол уақытта достарымның әртүрлі кештерде түсірген бұлыңғыр фотоларды қарау неге соншалықты қызық болғанын еске түсіру қиын екенін, бірақ оған көп уақыт жұмсағанын» айтады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Vladimir Vladimirov

Бүгінгі әлеуметтік желілер мүлдем басқа алгоритммен жұмыс істейді. Енді аудиторияға бейтаныс адамдардың контентін көру жиі ұсынылады. Көпшілік адамдардың барлық әлеуметтік желілерде аккаунттары бар, бірақ олар өздері көп ештеңе жарияламайды.

Миллиондаған адамдар үшін TikTok, Instagram, YouTube және Twitter-дегі мақсаты – өз жазбаларын салу немесе достарының не істеп жатқанын көру емес, танымал жұлдыздардың жазбаларын оқу, контентін тамашалау.

Адамдар бір-бірімен қарым-қатынастың орнына танымал адамдардың әлеуметтік желідегі іс-әрекеттерін, өмірін үнсіз бақылаушыға айналған.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: MoMo Productions

Мұның бәрі әлеуметтік медиа компаниялар басқа бизнес стратегия қолдануға көшкенін көрсетеді. Оларға осыдан 10-15 жыл бұрын Facebook-ты соншалықты тартымды еткен шынайы қарым-қатынастар керегі жоқ. Сондықтан да, Threads-тың мақсаты – брендтер мен танымал аккаунттарды белсенді түрде алға жылжыту.

Илон Маск те компанияны сатып алған кезде Twitter хронологиясын екіге бөліп, алгоритмге негізделген «Сіз үшін» арнасын қосты. Snapchat қолданбасы да басқа бөліктерге, соның ішінде картаға авторлық контентті қосты, Facebook-та хронология арнасын бұрынғыдай әдепкі қалпы бойынша қоспайды.

2022 жылы жарнама өсуінің баяулауы әлеуметтік медиа дәуірінің аяқталғаны туралы мәлімдемелерге арқау болды. Шындығында, әлеуметтік желілердің тоқырауы басталғандай.

Мүмкін, қазірден бастап желіден шығып, оны өшіруге дайындалған дұрыс шығар?!