Тестілеуге қатысу құны – 21 072 теңге.
Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды
1,036
оқылды

Testcenter.kz сайтында бүгіннен бастап 3 тамызға дейін докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды.

Өтініш беруші тек тестілеу орнын (қаласын) таңдай алады.

Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинеттегі «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.

Өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Тестілеуге қатысу құны – 21 072 теңге.

– TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеу өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 4 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны – 14 162 теңге.

– Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

– Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

– Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75.