Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ The Young University Rankings рейтингіне 2019 жылы алғаш рет енген болатын.
ЕҰУ – үздік жас университеттердің әлемдік рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз университет
1,088
оқылды

«The Times Higher Education Young University Rankings 2023» халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды. Биыл онда әлемдегі ең үздік 605 жас университет қамтылған. Еуразия ұлттық университеті – бұл рейтингке енген Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны.                                            

Биылғы рейтингте ЕҰУ интернационалдандыру бойынша жоғары балл жинап, сонымен қатар дәйексөздер мен зерттеу көрсеткіштерін жақсартты.

The Times Higher Education Young University Rankings 2023 рейтингісі құрылғанына 50 жыл толмаған әлем университеттері арасында жүргізіледі. Биыл оған 605 жоғары оқу орны қатысты, бұл екі жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 130 университетке көп.

Рейтинг әдіснамасына сәйкес жоғары оқу орындары 5 көрсеткіш бойынша бағаланды: дәйексөзділік, индустрияландырудан түскен табыс, интернационалдандыру, зерттеу қызметі және білім беру қызметі.

Рейтинг қорытындысы бойынша үздік үштікке Сингапурдағы Наньян технологиялық университеті, Гонконг ғылым университеті және Париж ғылым және әдебиетті зерттеу университеті кірді.