«Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкеріне қатысты «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу», яғни, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Луговой стансасында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргінші жолағында қыз баланы қағып кетті. Аталған іс бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.