Кеш бағдарламасында ұлттық тәттілері бар фуршет, компания смартфондарының мүмкіндіктерін көрсететін этно және хайтек стиліндегі керемет фотоаймақтар болды. Мысалы, қонақтар OPPO reno8 T микроскоп камерасының көмегімен ұлттық тәттілердің текстурасын 40х дейін үлкейтіп, ұн мен қанттың ең ұсақ түйіршіктерін смартфоннан көре алды.
Айта кетейік Freedom Mobile компаниясы ОРРО смартфондарының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы.
Іс-шараның екінші бөлімі Димаш Құдайбергенмен жаныңды жадыратар жылы тілдесумен жалғасын тапты. Ұйымдастырушылардың ресми аккаунтында орындаушыға арналған сұрақтар конкурсы алдын ала жарияланған болатын. Димаш өзінің жоспарында қандай концерттер бар екенін, өз смартфонында бейнені өзі өңдейтінін, күнтізбесін немен толтырғандығын жанкүйерлерімен бөлісті.
Кеш соңында қонақтарды ғажайып ұсыныс күтіп тұрды. Димаш барлық жанкүйерлеріне фотоаймақта киіз үйдің интерьерінде суретке түсуді ұсынды.