Ломбард қызметкері алтын бұйымдарды басқа ломбардқа салу үшін ұрлаған

Ломбард қызметкері алтын бұйымдарды басқа ломбардқа салу үшін ұрлаған
Ломбард қызметкері алтын бұйымдарды басқа ломбардқа салу үшін ұрлаған

Семейде ломбард қызметкері алтын бұйымдарды басқа ломбардқа салу үшін ұрлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz. Әуезов полиция бөліміне ломбард директоры келіп, түгендеу кезінде 4 000 000 теңге сомасына алтын бұйымдардың жетіспейтінін айтқан.  Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Әуезов полиция бөлімшесінің қызметкерлері ломбард қызметкерінің бірі алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін анықтады. 5 ай ішінде зергерлік дүкенде жұмыс істеу кезінде 21 жастағы ломбард бағалаушысы рұқсатсыз ломбардтың алтын бұйымдарын алып, кейін басқа ломбардқа өзінің құрбысының атынан тапсырған. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.