Оқу кабинеттері интерактивті панельмен, Smart тақтамен және заманауи модификациядағы жиһазбен жабдықталған. Оқу кабинеттерінде панорамалық әйнектер орнатылған. Мектеп дәліздері мен кеңселері кең, жарық және эргономикалық интерьермен ерекшеленеді.
Мектеп жаратылыстану-математикалық циклды тереңдету бойынша жұмыс істейді. Мақсат – шығармашылық, білікті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Биология, химия, физика кабинеттері мен арнайы зертханалар практикалық жұмыстарға қажетті көрнекі құралдармен толық жабдықталған.
Қыздарға арналған аспаздық және тігін шеберханасы, ұлдарға арналған саз және керамика үйірмелері жұмыс істейтін болады. Мектеп ішіндегі 2 спортзалға қажетті қондырғылар қойылған.
Айта кетейік, мегаполисте бүгінде 19 мың балаға мектеп орны жетіспейді. Бүгінгі ашылған жаңа мектеп аталған проблеманы сәл де болса жеңілдетеді деп күтілуде. Осыған дейін аталған шағынаудан балалары көрші «Ұлжан» шағынауданындағы мектепте артық жүктемемен білім алуға мәжбүр болып келген болатын.
Алматы